Біз тіс дәрігеріне тісімізді емдетуге барамыз. Пломба түсіп қалса да барамыз. Ыстық көтерілсе, дәрігерге барамыз. Ал жағдайымызды түсінетін не емдейтін психологқа бардыңыз ба?
Психологқа жындылар бармайды. Жындылар психиатрға барады. Табысты адамдардың өзі де психологқа барып тұрады. Жақсы кеңес алып, табысын арттырады.
Психологқа бармасаңыз, сол жайлы мақалалар, кітаптар оқыңыз. Ішіңізде не болып жатқанын түсінесіз. Қазіргі күйіңізден әлдеқайда жақсы болуға тырысасыз. Депрессиядан шығасыз. Стресті жеңуді үйренесіз. Адамдармен қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын білесіз. Қорқынышты жеңу, дұрыс шешім қабылдау, мотивация алу жағынан да психологиялық кітаптар көмектеседі.
Немесе психолог секілді бәрін бірден түсіне қоятын, жақсы кеңестермен бөлісетін достарың болады. Әр адамға сондай жақсы бір дос керек екен.