Қазақша посттар
2022-07-26 16:00 Пайдалы кеңестер

Миға upgrade жасаудың 5 жолы 😍

1. Әрдайым миыңды жаңа нәрселермен қуантып, оған ойлануға азық бер. Жаңа тіл үйрену болсын, гитарада ойнап үйрену болсын, бұлардың барлығы сенің миыңды дамытып, апгрэйд жасауға көмектеседі.

2. Йога, медитация жасау миға сен ойлағаннан да пайдалы. Күніне 10-15 минут бойы ешнәрсе ойламай, жай ғана тыныштықта отыру - миыңды керексіз ойлардан тазартып, оның бұрынғыдан да жақсырақ жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді.

3. Егер стресстен арылып, эмоционалды интеллекттіңді арттырғың келсе, кітап оқуды баста. Сондай-ақ өзіңнің жеке күнделігіңді жүргізудің де пайдасы көп.

4. Адамның денесі қозғалысты қажет етеді. Сондықтан денсаулығыңды жақсы қалыпта ұстау үшін физикалық жаттығулар жасап, көбірек қозғалуға тырыс.

5. Міндетті түрде 7-8 сағат ұйықтап, түскі уақытта 20-30 минуттай тынығып ал. Сонда өзіңді шаршаңқы сезінбей, күні бойы сергек жүретін боласың.