Қазақша посттар
2022-08-03 11:45 Мотивация

Өзіңе сенімділікті арттырудың 3 жолы

1. Бойыңды сенімсіздік билеп, өз-өзіңе күдіктеніп тұрсаң, есіңе бұрынғы жеткен жетістіктеріңді түсір. Сосын өзіңе: "Бұл менің қолымнан келеді, мен істей аламын" деп айт. Осындай флэшбэктер жасап тұру сенің күдіктеріңді біршама сейілтіп, өзіңе деген сенімділігіңді нығайтуға көмектеседі.


2. Өзіңе тым сенімді болудың да қажеті жоқ, ол пайдасынан гөрі зиянын тигізуі мүмкін. Өзіңе деген сенімділік пен күмәнның арасында баланс болуы керек. Үнемі бір жақты ойда болу дұрыс емес, сондықтан бірде өзіңді мақтап, ал бірде, керісінше, сынап

отырғаның жөн.


3. Сенімсіздіктен құтылу үшін өзіңе қуаныш сыйлайтын заттарды жаса. Мысалы, жақсылап ұйқыңды қандыру, сүйікті фильмдеріңді қайталап көру немесе өзіңе ұнайтын тәттіні жеу. Осы секілді қарапайым заттар адамға энергия беріп, құлшынысын оятып, кез келген іске білек сыбана кірісіп кетуге итермелейді.