Қазақша посттар
Мотивация

Бір істі жарты жолда қалдыру әдетке айналды ма?

Бір істі жаңадан бастаған соң қызығушылығың күн сайын азайып жатқанын байқадың ба? Өзіңді мақсаттарыңды орындауға мәжбүрлеу қиынырақ болып, жаңа тапсырмалар ойыңды бөліп, ал ескілері әлі де орындалмай жүр ме? Бәрін жарты жолда тастап кеткің келе ме?


Біз саған осы жағдайды шешу үшін 8 кеңес береміз:

1. Мұны шынымен қалайтыныңа сенімді бол. Әсіресе, егер бұл іс оңай емес болса.

2. Нақты жоспар құрастыру. Жоспар жасаған соң, әр тармақты жүзеге асыра алатыныңды және ол үшін не қажет екенін қара.

3. Жеткілікті уақыт бөл. Егер істі жарты жолдан тастамай, нәтиже көргің келсе, қалаған уақытта жұмыс істемей, тұрақты түрде уақыт бөлуің керек.

4. Перфекционизмді жою. "Мінсіз емес жасағаннан гөрі мүлдем жасамағаным жөн". Таныс па? Қалай болса солай жаса демейміз, бірақ мың рет өзгертіп, ұсақ-түйекке қадалып отырудан ешнәрсе шықпайды.

5. Прокрастинация жасауға болмайды. Сериал көру, торт пісіру - не қылады дейсің, кейде тынығу керек. Ешкім дауласпайды, бірақ бір істі жоспарлаған уақытта емес.

6. Жасаған жұмысыңа қуанып, рахаттан. Жайлы отырып, шамалы босаңсып, көз алдыңа нәтижені елестет. Шабыт аласың.

7. Нәтижеңді қадағалау үшін, белгі қой. Күнтізбе арнап, көзге түсетін жерге іліп қой. Онда барлық жетістіктеріңді, тіпті ең кішкентайларын да белгілеңіз. Көңіл-күйің жоқ күндері, осы белгілерге қарап, "Уау, мен осыншама жетістікке жеттім және қандай керемет нәтижелерге қол жеткіздім" деген ой пайда болады.

8. Өзіңді мақтап, мадақта. Барлық жоспарларды орындау және прогресті көру үшін белгі қою жеткіліксіз. Табысқа жету үшін өзіңді мадақтау және шағын мерекелер ұйымдастыру өте маңызды.