Қазақша посттар
2022-07-26 18:15 Мотивация

Грантқа түсе алмай қалсам ше... 🥺

Шамамен алғанда, бір күнде адамның басына 70 000-дай ой келеді. Бұл ойлардың жартысынан астамы нейтралды, ал кейбіреулері негативті ойлар. Бүгін біз сол негативті ойлардан арылудың жолдарын қарастыратын боламыз.


1. Негативті ойлар 95% жағдайда өз-өзіңе деген сенімділіктің болмауынан туындайды. Сондықтан ең алдымен өзіңді қандайсың, сол қалпыңда қабылдап, өз-өзіңді жақсы көруің керек.


2. Позитивті ойлайтын адамдармен араласып, саған қолдау көрсетіп, мотивация бере алатын достар табуға тырыс. Егер жан-жағыңды өзіне сенімді, оптимист адамдармен қоршайтын болсаң, өзің де бірте-бірте сондай адамға айналатын боласың.


3. Барлық негативті ойлар мен эмоциялардан біржола айырылудың ең тиімді жолы - спортпен айналысу. Жүгірудің өзін алып қарайтын болсақ, бұл спорт түрі адам организміндегі зиянды токсиндерді сыртқа шығарып, гормондарды бірқалыпты деңгейге түсіреді. Жүгіруден бөлек, жаяу жүрумен, йогамен немесе басқа да өзіңе ұнайтын кез келген спорт түрімен айналысуға болады.