Қазақша посттар
Мотивация

Өзіңді өзгемен салыстырма! 🧡

Әрбір қар түйіршігі бір-біріне сырттай ұқсағанмен, олардың әрбірі ерекше. Қайталанбайды. Осы уақытқа дейін жер бетіне жауған қар түйіршіктері де қайталанбаған. Адам да сондай. Егіздің өзінде айырмашылық сансыз. Себебі адамның жаны әртүрлі. Мінезі, талғамы, қабілеті, танымы әртүрлі.


Ендеше өзіңді ешкіммен салыстырма. Себебі салыстыруға келмейді. Сол үшін де әлем керемет. Адамдардың бәрі бір-біріне ұқсаса, өмір іш пыстыратын болар еді.

Сенің оқу жылдамдығың, материалды есте сақтау қабілетің, санаңның зеректігі бәрі-бәрі өзгеше. Оны біреуден артық не кем деп айта алмайсың. Тек «тарихтан ол көбірек дайындалды, оқыды. Менің дайындығым аз. Ал географиядан менің дайындығым жоғары. Сол үшін басқалардан жоғары балл жинаймын» деп қана айта аласың.


Біреумен салыстырсаң, әйтеуір одан кем болатын нәрсе тауып аласың. Содан көңіл-күйің түседі. Қайта шабыт алу үшін «мен одан көп еңбектенуім керек; көп оқуым керек» десең, сонда өзіңе пайда.