Бір сыныпта ала да, құла да болады. Біреу ынты-шынтысымен сабақ оқиды. Ал біреуге бәрібір. ҰБТ да, басқа да оның санасына кіріп шықпайды. Оқуға түспей қалса да ештеңесі кетпейді. Осындайлар ҰБТ-ға дайындалып жүргендерді әжуалап, оқуына кедергі келтіреді.
- Емін-еркін дайындалу үшін әр пәннен болатын қосымша сабақтарға топ болып қатысу керек. Ол жерде мақсаты бір адамдар жиналады. Ешкім кедергі келтірмейді.
- Факультатив өтетін арнайы кабинеттер болады. Сол кабинеттерді мұғалімнен сұрап алуға болады. Сол жерде бірнеше адам боп жиналып, ҰБТ-ға дайындалсаңдар болады.
- Сабаққа кедергі жасайтын зиянкес (токсичный) адамдармен сөйлесу керек. “ҰБТ саған маңызды емес шығар. Бірақ бізге қажет. Сондықтан бізге кедергі жасама” деу керек.
- Үйде көбірек дайындалуға тырысу қажет.