Қазақша посттар
2022-07-26 18:42 Пайдалы кеңестер

Сыныпта ҰБТ-ға дайындалуға кедергі жасаса, не істеу керек?

Бір сыныпта ала да, құла да болады. Біреу ынты-шынтысымен сабақ оқиды. Ал біреуге бәрібір. ҰБТ да, басқа да оның санасына кіріп шықпайды. Оқуға түспей қалса да ештеңесі кетпейді. Осындайлар ҰБТ-ға дайындалып жүргендерді әжуалап, оқуына кедергі келтіреді.

  1. Емін-еркін дайындалу үшін әр пәннен болатын қосымша сабақтарға топ болып қатысу керек. Ол жерде мақсаты бір адамдар жиналады. Ешкім кедергі келтірмейді.
  2. Факультатив өтетін арнайы кабинеттер болады. Сол кабинеттерді мұғалімнен сұрап алуға болады. Сол жерде бірнеше адам боп жиналып, ҰБТ-ға дайындалсаңдар болады.
  3. Сабаққа кедергі жасайтын зиянкес (токсичный) адамдармен сөйлесу керек. “ҰБТ саған маңызды емес шығар. Бірақ бізге қажет. Сондықтан бізге кедергі жасама” деу керек.
  4. Үйде көбірек дайындалуға тырысу қажет.