Дайындалғың келмеген сәттерде осы чек-листті оқы
1. Оқитын орныңды таза, фантазияңмен әсемдеп, жинақы ұста.
2. Мақсатыңа жасаған әр қадамың үшін өзіңді мақта.
3. Ешқашан өзіңді мәжбүрлеп оқыма. Өзіңе ұнайтын уақытта оқы.
4. Сабақ оқу барысында өзіңе ұнайтын қалам мен блокнотты қолдан.
5. Мотивациялық, пайдалы посттарды жиірек оқы.
6. Кейде дым оқығың келмесе, бәрін тастап жақсылап демалып ал.
7. Әрқашан кішкентай қадамдардан баста.
8. «140 балл алу» деп орындалмайтын мақсатты ойлама. Ең дұрысы «өзіме ұнайтын мамандыққа, арманымдағы қалаға грантқа түсейін» деген мақсатқа жетуді ойла.
9. Өзіңе ұнайтын әдістермен оқы
10. Мұрның қанағанша ұзақ оқып, өзіңді шаршатып алма
11. Таңертең ерте сағат 4:00-де оқып көр. Керемет әсер аласың.
12. «Қазір оқып отырған білімдерім, болашақта алдымнан шығады деген ниетпен дайындығымды бастаймын» деп, дайындықты бастар алдында ниетіңді түзеп ал.