JOO.kz мобильді қосымшасына осындай сұрақ келген. Жауап беріп көрелік.
1) Брайан Трейси (коуч, бизнес тренер) ойлап тапқан метод бойынша, күннің алғашқы бөлігінде қиын пәндерді оқып бастау керек. Күннің алғашқы бөлігі дегеніміз – таңертең оянғаннан түскі асқа дейінгі уақыт аралығы. Ал қиын пәндер әдетте математика, физика, химия, биология және т.б. Кімге қай пән қиын екенін өзі шешеді. Себебі біреуге қиын көрінген математика басқа біреуге қазақ тілінен жеңіл. Не үшін қиын пәндерді бірінші оқу керек? Себебі таңғы уақытта бойда энергия көп болады. Сол күшті қиын пәндерге жұмсап алсаң, ұтылмайсың. Түстен кейін оңай пәндерге артық күш жұмсамай, дайындала беруге болады. Егер қиын пәндерді түстен кейінге қалдырсаң, онда ұйқың келіп есінеп, оқуға зауқың соқпай, мең-зең боп отырасың.
2) Екінші метод: өзіңді қай кезде сергек сезінесің, қай уақытта белсенді жұмыс істейсің, соны тексеріп көр. Мысалы, біреу түнде жақсы жұмыс істейді. Енді біреу түстен кейін өнімді еңбек етеді. Осындай уақыттарда жоғарыда айтқан қиын пәндерді оқу қажет. Қуатың сарқылып отыратын шақтарда түсіну, оқу, қабылдау оңай пәндерге дайындалған дұрыс. Ондай пәндер: география, оқу сауаттылығы, құқық, тарих, т.б. Бұл жерде де қай пәнді оңай көресің, соған байланысты.
3) Үшінші метод: тарих, география сияқты есте сақтайтын ақпараты көп пәндерді ұйқы алдында және ұйқыдан ояна сала оқу қажет. Бұл шақта миға ақпарат кедергісіз өтіп кетеді.
4) Төртінші метод: кейбір пәндерді жалғыз оқудан гөрі, топта шулап, айқайлап, таласып оқу пайдалырақ. Сол арқылы есте жақсы сақталады. Демек, мұндай пәндерге дайындалуға достарыңмен белгілі бір бос уақытты белгілесеңдер болады.
5) Бесінші метод: аз-аздан күн сайын деген метод. Бұл – JOO.kz курсы. Сабақтар оңай тілде түсіндіріледі. Тарих сияқты пәндер кино секілді форматта беріледі. Математиканың шешу жолдары баяндалады. Курс туралы толығырақ білу үшін МЫНА сілтемені бас.