Көптеген адамдар медитацияны ойларын ретке келтіріп, саналарын тазарту үшін жасайды. Apple, Qiwi, Google секілді атақты компаниялардың басшылары да медитацияны күнделікті ритуалдарына айналдырып, оның пайдасына көз жеткізіп отыр.
Жалпы медитацияны қалай жасаған дұрыс?
Алдымен сыртқа және ішке бірнеше рет терең дем алып, денеңді бос ұстаған күйде 5 минуттай отыра тұр. Негізі медитацияны 5 минуттан артық та жасауға болады, ол өзіңе байланысты. Бастысы, өзіңе ыңғайлы күйде және тыныш жерде отырып жасасаң болғаны.
Медитацияның денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Сонымен медитация адамға тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, физикалық тұрғыдан да көмектесіп, кейбір дәрілерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек бола алады. Медитацияның адамға берер пайдасы өте көп, сондықтан сен де онымен айналысып, пайдасын көре аласың деген ойдамыз.