Есте сақтау қабілеті адамның дамуында, білім алуында маңызды рөл ойнайды. Есте сақтау қабілеті нашар болса, оның жалпы адам өміріне де әсері болады. Сол себептен біз сендерге миларыңды жаттықтырыңдар, жұмыс істетіңдер деуден шаршамаймыз.
Есте сақтау қабілетіне әсер ететін фактор — дұрыс ұйқы. Адамның ұйқылы күйіндегі уақыты мөлшерден тым аз немесе тым көп болса, оның көптеген зияны бар. Соның бірі — ұмытшақтық. Ал егер адам нормаға сай ұйықтап жүретін болса, миы да сергек болады.
Бірақ жай ғана уақытылы ұйықтаған жеткіліксіз. Салауатты өмір салтын ұстан демейміз, ең болмағанда таза ауада жүгіріп, не серуендеп тұру керек. Оның не қатысы бар деп отырған боларсың? Біріншіден, таза ауа ұйқының сапасын жақсартады. Ал екіншіден, мидың жұмысын жақсартады. Сәйкесінше, есте сақтау қабілетіне де әсерін тигізеді.
Ұмытшақтық мазалап жүрсе, күнделікті істейтін заттарды әдетке айналдыр. Мысалы, күнде бір уақытта сабақ жазуға отыр. Күнде дәл өзің белгілеген уақытта, үзбей. Артынша бұл әдетке айналады да, оны есте сақтап жүру қажеттілігі жойылады.
Ал егер сабақ материалын ұмытып қала беретін болсаң, онда интервалмен қайтала. Мысалы, емтиханға 9 ай қалды, сен қызу дайындалып жатсың. Бүгін бір тақырыпты үйрендің, енді соны бір айдан соң, бірнеше айдан соң және т.с.с. қайталап тұрсаң, есіңде берік сақталатын болады.
Біздің ҰБТ-ға дайындалу бойынша курсымызда осы интервалды қайталау жүйесін қолданамыз. Ал барлық тапсырманы бірін қалдырмай уақытылы орындаған адам жыл соңында грантқа түсетініне кепілдік береміз. Бағасы — 12 айға бөлеп төлеу арқылы айына 8 300 теңге.
МЫНА сілтеме арқылы өтініш қалдыр, біздің менеджер саған хабарласады!