Қазақша посттар
2022-07-28 12:50 Пайдалы кеңестер

Ми жұмысын жақсартудың 3 жолы

Күн сайын біздің миымыз әлеуметтік желілерден, теледидардан және ұялы телефондардан келетін ақпараттарды қабылдап, қорытып және кейін қарай қайтадан сигнал береді. Ал егер ми уақытында демалмай, тоқтаусыз жұмыс жасай берсе, онда уақыт өте келе адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, мидың өнімділігі төмендейді.


Сол үшін мидың белсенділігін арттырып, есте сақтау қабілетіңді жақсартқың келсе, саған мына 3 әдісті қолдануға кеңес береміз.


1. Ойыңды реттеп, миыңды керексіз заттардан арылту үшін күніне 10 минут медитация жасаған пайдалы. Медитация жасау зейініңді маңызды әрі пайдалы істерге аудартып, прокрастинацияның алдын-алуға көмектеседі.


2. Бірнеше сағат бойы еш демалмастан, үзіліссіз жұмыс істеген ми уақыт өте келе өз өнімділігін жоғалтып, адамда эмоционалды кризис (burn out) болуы мүмкін. Сондықтан әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс алып, ойыңды басқа нәрсеге бөлуге тырыс.


3. Кез келген физикалық жаттығу, қозғалыс миды оттекпен қамтамасыз етіп, оның өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Сол себепті де, арасында таза ауа жұтып, спортпен айналысып тұруды ұмытпа.