Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ және мен 😰

Біздің өміріміз – бір кино. Әрбіріміз – басты кейіпкерміз. Басты кейіпкер бірден бақытты бола салса, ондай киноны ешкім көрмес еді. Ал басты кейіпкер әбден дайындалып, өмірдің қиындығын көріп, өзін шыңдап, жетілдіріп, соңында жетістікке жетсе, кәдімгідей толқып, әсерленеміз.


Алғашқы серия: Оқушы жатпай-тұрмай сабаққа дайындалады. Сынақ емтиханнан қанша рет аз балл жинаса да, мойымай, тағы да көбірек дайындалады. Кейде жылап алса да, қайтадан қайсар рухын шыңдап, алға ұмтылады. Көптен күткен ҰБТ келгенде мотивация беретін музыканың фонында аудиторияға кіреді.


Сол аудиториядан бақытты, көңілді, күлімдеген басты кейіпкер шығады. Ол өзі ойлаған жоғары балл жинап шықты. Мұндай сәтте кино көріп отырған көрермендердің көзіне жас үйіріледі. «Молодец!» деп өзі тест тапсырып шыққандай толқиды.

Осындай киноның басты кейіпкері болуға дайынсың ба? 😉