Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға түнде дайындалған несімен тиімді?

Күндіз бір жаңа материалды оқып, жаттадың. Миыңды жүйке жасушаларының арасында байланыс пайда болды. Ұйықтаған кезде осы байланыстардың беріктігі күшейеді. Сөйтіп жаттаған нәрсең есіңде жақсы сақталады.


Мысалы, 10 тарихи датаны жаттадың делік. Оны ұйықтар алдында бірнеше рет қайтала. Таңертең оянып, даталарды есіңе түсіріп көр. Бәрі санаңда сайрап тұрады.


Сондықтан ұйықтап бара жатып, күні бойы жаттаған нәрселерді бір қайталап шыққан жөн.


Бұл методты қолданарда абай болу керек. Мысалы, жағымсыз, жаман нәрсені ұйықтар алдында ойламау керек, қайталамау керек. Ол жаңа нейрондық байланыс түзеді, сосын жақсылап сақталып қалады. Одан құтылу қиын.

ҰБТ-ға түнде болсын, күндіз болсын, өзің қалаған уақытта дайындалғың келсе, онда бізбен бірге дайындалуға шақырамыз. Дайындықты өз дәрежеңнен бастау үшін МЫНА сілтемеге бас.