Қазақша посттар
2022-07-26 12:04 Мотивация

Соңына дейін берілме! ✊

Негізі скрипкада төрт ішек болады. Оле Булль деген танымал скрипкашы болған. Бірде Парижде халықтың алдында концерт беріп жатады. Жан-тәнімен беріліп, бір шығарманы ойнап жатады. Сонда скрипканың бір ішегі кенет үзіліп қалады. Оле музыканы ойнауын тоқтатпайды. Ары қарай үш ішекпен жалғастырып, соңына дейін әуенін бұзбай ойнап шығады. Осыдан кейін халықтың ықыласы одан сайын артқан екен.


Мұнымен не айтқымыз келеді? Өмір теп-тегіс тақтайдай жол секілді болмайтыны айдан анық. Әйтеуір бір кедергі алдымыздан шығады. Физикадан беретін апайың ауырып қалуы не басқа мектепке ауысып кетуі мүмкін.Тарихтан дайындалып жүрген кітабыңды жоғалтып алуың мүмкін. Біреу жағымсыз сөз айтып, көңіліңді түсіруі мүмкін. Сондайда «құрыдым» демей, жоқтан бар жаса. Басқа жолын тап. Айналып өт. Соңына дейін берілме. Бір проблеманы шешудің кем дегенде үш жолын таба аласың.