Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

“Бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді”

Ұмытшақтықтан арылудың 4 жолы


1. Ұйқының жетіспеушілігі мен уақытында демалмау - адамды ұмытшақ етеді. Өзің де байқаған шығарсың, шаршап тұрған кезде сабақ оқысаң, басыңа ештеңе қонбайды. Оқыған кездің өзінде таңертең есіңде ештеңе қалмайды. Сондықтан өзіңді тым шаршатып жібермей, ұйқыңның сапасына көбірек мән бер.


2. Ми қалыпты жұмыс істеуі үшін оған таза ауа қажет. Сондықтан жиі-жиі таза ауа жұтып, серуендеп қайтуды әдетке айналдыр. Бұл ми жасушаларының оттекке қанығып, есте сақтау, зейін қою және өнімділік секілді қабілеттерді дамытуға көмектеседі.


3. Күніне бір рет болса да, медитациямен айналысуға тырыс. Ол үшін ештеңеге алаңдамай, ештеңені ойламай, өзіңе ыңғайлы күйде отыр немесе жат. Медитацияның ұзақтығы кем дегенде 5-10 минут болуы керек. Бұлай жасаудың пайдасы: ойларыңды ретке келтіріп, миыңды тыныштандырады және стресстің алдын-алады.


4. Сабақ оқығанда 45/15 әдісін қолдан: 45 минут бойы тек сабаққа зейін қойып, одан кейін 15 мин үзіліс алып, басқа нәрсемен айналыс. Бұл тәсіл сенің тез шаршауыңа жол бермей, ақпаратты ұзақ уақытқа дейін есте сақтауға мүмкіндік береді.