Кез келген тест тапсырушының қорқатыны - білетін сұрағына күмәнмен қарау. Сұрақ таныс, оқығансың. Ал жауабынан екі жауап дұрыс сияқты боп тұрады. Мынау ма еді әлде мынау ма? деп басыңды қасып тұрасың.
Неге бұлай? Бұның бірнеше себебі бар.
1. Жақсылап дайындалмағансыз. Материалды бір рет қана шолып өткенсіз.
2. Оқыған материалды араға уақыт салып қайталап отыру керек. Интервалды қайталау туралы бірнеше рет жаздық. Соны ұстансаңыз, қайталауға аз уақыт кетеді. Жақсысы, материал санадан өшпейді.
3. Қобалжып отырсыз. Бір минут терең демалып, мұздай су ішіңіз. Сіздің қолыңыздан келеді.
4. Ұқсас материалдарды бір-бірінен ажырату үшін ерекше нәрсе ойлап табу керек. Мысалы, Қазақ хандығы кезінде қалалар әр кезде әр хандықтың бақылауында болады.
5. Психология деген сондай, оны түсіну мүмкін емес. Санаңа егер деп бір вирус салса болды, барлық білетін нәрсеңе күмәнданып шыға келесің. Есікті құлттадым ба? , Газды өшірдім бе? деген сияқты. Тест кезінде де сондай болады. Ең жақсы шешім: ең бірінші қай жауап дұрыс боп көрінді, соны белгілейсіз. Сосын бұл сұраққа қайта айналып келмейсіз.
Негізі, материалға бір мағына берсеңіз, есте сақталуы жақсы болады. Сонда күмән болмайды. Мағына беру, суретін салу, картасын сызу, интеллект карта жасау соның құралдары.