1. Өзіңе ұнайтын іспен айналысу
Негізінде сенің қолыңнан көп нәрсе келеді. Мүмкін сен әлі өзіңнің қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді толық танып алмаған шығарсың. Бірақ жаныңа жақын, өзіңе ұнайтын істерге көбірек көңіл бөлетін болсаң, міндетті түрде өз потенциалыңды ашып, ең алдымен, өзің үшін ең бақытты адамға айналарың сөзсіз.
2. Өз-өзіңді сыйлап үйрену
Өз-өзіңді сыйлау деген не десең - өзіңнің бар кемшіліктерің мен артықшылықтарыңды, жақсы және жаман жақтарыңды мойындап, қабылдай білу дегенді білдіреді. Есіңде болсын, егер басқалардың сені сыйлағанын қаласаң, ең бірінші өз-өзіңді сыйлап, құрметтеп үйренуің қажет.
3. Өз-өзіңе тым қатал болмау
Үнемі өзіңе деген көңілің толмаушылық, босқа уайымдап, ашулану - сенімділікті төмендететін басты факторлар. Сондықтан да бұған жол бермеуге тырыс. Әрдайым оптимистік көзқарасты ұстанып, денсаулығыңды күтіп, өзіңе сенуді тоқтатпа. Өмір онсыз да оңай нәрсе емес, ендеше өз-өзіңнен күдіктеніп, өміріңді одан сайын қиындатудың не керегі бар, солай емес пе?