Ол оңайлықпен осындай дәрежеге жетті дейсің бе? Youtube желісінде оның сұхбатын қаншама адам қарап, алға жетелейтін үлкен мотивация алды. Саған да кеңес беремін, нағыз үлгі алатын тұлға болса, Арнольд болсын.
Сол Арекең былай депті: Менің бойымда әрқашан алға жетелейтін күш бар. Бала кезімнен бодибилдер болуды армандадым. Сол арманымды көз алдымда анық мақсат ретінде елестеттім. Арманыма қалайда жету үшін күніне 5 сағатты физикалық дайындыққа арнадым. Мен әлемдегі ең күшті бодибилдер болатыныма толық сенімді едім. Сол қолымнан келді .
Міне, қандай еңбек, нағыз маңдай термен келген еңбек!
Құрметті талапкерлер, осындай мотивацияға сусындап, қайтадан сабаққа кірісіңдер. Сендер де осындай жетістікке жетем десеңдер, аянып қалмаңдар. Ең бастысы: өздеріңе өздерің шек қоймаңдар! Істимін деген адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ.