Қазақша посттар
Мотивация

Оқуға түспей қалып, ендігі жылы тағы ҰБТ тапсыратындарға

Қатарыңнан бір жылға қалып қою ұят сияқты көрінетін шығар. Олар қазір оқуда жүр, ал сен тағы да ҰБТ-ға дайындалып жүрсің. Қосымша жұмыс істеп жүрген шығарсың. Осыны ойлап мұңайма! Армандаған оқуыңа түсу үшін он рет тапсыру керек болса да, соған дайын бол!


Білесің бе, оқу бітірген 10 студенттің 9-ы өз мамандығында жұмыс істемейді. Екі қолға бір күрек табылады дейді де, бірінші шыққан жұмысқа жегіле салады. Немесе «ұнатқаным басқа мамандық екен» деп, төрт жылды босқа өткізгенін айтады. Ал сен өзің нақты ұнатқан мамандығыңа грантқа түсу үшін бір жыл күтуге дайынсың.


Грантқа түсе алмай, ақылы бөлімге түскеннің өзінде 4 жыл бойы ата-анаңа жүк болар едің. Стипендия жоқ, жатақхана жоқ, қосымша ақша табам деп сенделіп кетуші едің. Ал бір жыл күтіп, грантқа түссең, стипендия алып, жатақханада тұрып, өмірің гүл боп кетеді.


Бір жылым босқа кетті деп айту үшін оны бекерге өткізіп, пайдасыз нәрсеге құрту керек. Ал егер пайдалы іске жұмсасаң, жаңа нәрсе үйренсең, қабілетіңді арттырсаң, ол уақыт босқа кетпейді.


Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алу – әрбір адамға парыз. Оны тағы бір жыл күтудің кемшілігі жоқ екені сөзсіз.

Биыл ҰБТ-дан грант ұтуға кепілдік іздесең, онда JOO.kz курсына қатыс. Сенен бұрын жазылғандар жақсы нәтиже жинап жатыр. Толығырақ МЫНА сілтемеде.