Қазақша посттар
2022-07-28 07:48 Пайдалы кеңестер

Интеллектіні дамытудың 3 кілті

1. Кітапты жылдам оқып үйрену

Кітапты жылдам оқығың келсе, әрбір сөзді дауыстап емес, ішіңнен, көзбен оқы. Бұл кітап оқу жылдамдығыңды 10-20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кітапты оқуды бастамас бұрын алдын-ала оның не туралы екенін біліп алу да кітапты тез оқып бітіруге көмектеседі.


2. Есте сақтау қабілетіңді арттыру

Әртүрлі мнемотехникалық әдістерді қолданып, есте сақтау процесін қызығырақ етуге тырыс. Сонымен қатар есте сақтау керек нәрсені өзіңе жақсы таныс қандай да бір затпен байланыстырып, ассоциациялауға да болады. Ақпаратты есте сақтаудың тағы бір әдісі - Герман Эббингауз әдісі деп аталады. Бұл әдіс бойынша ақпаратты есте сақтағаннан кейін 20 минуттан соң, 8 сағаттан кейін және 24 сағат өткен соң қайталау қажет.


3. Ойша есептеп үйрену

Ойша есептеп үйрену үшін үнемі өз-өзіңді жаттықтырып, нәтижелеріңді дәптерге жазып жүр. Қасыңда теледидар немесе музыка қосылып, айналаң шулы болған кездерде ойша есептеп, өзіңді сынап көр. Егер саған ондық немесе жүздік саннан 9-ды азайту керек болса, онда берілген саннан алдымен 10-ды азайтып, шыққан санға 1-ді қоса салуыңа болады. Немесе қандай да бір санды 5-ке көбейту үшін бірінші оны 2-ге бөліп, сосын 10-ға көбейт. Бұл әдістер ойша есептеуді жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге көмектеседі.