Студенттік өмір мектептегі өмірден тек қиындығы жағынан ғана емес, айтылатын сөздерімен де ерекшеленеді.
Иә, иә, дәл солай, жаңа терминдермен танысасың.
Ендеше бұрын сен естіген, алайда мағынасы түсініксіз сөздерге анықтама жазсақ:
Семестр – оқу жылының атауы. Мысалы, мектепте оқығанда 4-тоқсан болса, университетте осы 4-тоқсанды 2 семестрге бөліп оқисың.
Ал әр семестр аяқталған сайын тапсыратын емтихан – сессия. Үлкен аға-әпкелеріңнен «сессиядан құлап қалдым» дегенді естісең, қазір олардың неге мұңайғанын түсінетін боласың. Сессия мектептегі ТЖБ сияқты, семестр бойы оқығандарыңа түгелдей шолу жасайтын маңызды емтихан. Университетте мектептегідей дайын жауаптарын тауып алу мүмкін емес. 😉
Студент сөздігінің жалғасы қызықты болса, төменге пікір жазып кет! 🧡