Қазақша посттар
Мотивация

ҰБТ-ға дайындық қазір нешінші орында тұр?

Қазір ҰБТ-ға дайындалып жүрсің. Бірақ кейін бәрібір өкінесің. Не үшін? Бұдан да жақсырақ дайындалу керек еді деген өкініш бәрібір сананы тұмшалап тұрады. ҰБТ-ға 3 айдан астам уақыт қалды. Ендеше қазір әр сәтіңді өз пайдаңа қолдан.


Саған ең қатты жаны ашитын – өзіңсің. Кей кезде эгоист болу керек. Біреудің өтінішіне «жоқ» деп жауап беріп, өзіңнің сабақтарыңа дайындал. Біреудің көңілін қалдырам деп қорықпай, бос уақытыңды өзіңе, көбірек білім алуға жұмса.


Біреудің үйі өртеніп жатыр делік. Оны алыстан көріп, үйіне қарай бар күшімен жүгіреді. Жолда алдынан шыққан адамдарды соғып кетеді. Өртті сөндіріп болғасын жаңағы кісілерге: «Ренжімеңдер, мына жақта маңыздырақ істі көріп, сендерге көңіл аударуға уақытым болмады» дейді. Осы сияқты сен де ҰБТ-ға бара жатырсың. Жол-жөнекей кездесіп, уақытыңды ұрлағысы келген адамдардың бетін қайтарып тастасаң, артында ҰБТ деген үлкен себеп бар екенін біл.