Қазақша посттар
2022-07-28 12:14 Мотивация

Нағыз мотивация әрекеттен соң пайда болады

Оқушылар: «Сабақ оқуға, ҰБТ-ға дайындалуға мотивация қайдан аламын? Дым істегім келмейді. Ештеңеге зауқым жоқ» деп кеңес сұрап жатады. Оларға айтарымыз: сабағыңды оқы, әрекет ет. Мотивация әрекеттен кейін келеді. Мысалы, тарихтан, математикадан кішкене дайындалдың. Сол тақырыптан келген сұрақтарға бірден жауап бердің. Нәтижеңе өзің риза болдың. Тағы да дайындалып, осы кішігірім жетістікті қайталағың келеді. Осы – мотивация.


Біз әдетте қалай жасаймыз? Аспаннан бір ғажайып мотивация күтеміз. Кинодан, кітаптан аздаған шабыт аламыз. Сол арқылы бірден барлық пәнге дайындалып тастағымыз келеді. Бірақ адамның шамасы жеткілікті, ұзаққа бармайды. Шабыттың ең жақсы кілті – әрекет ету. Әрекетті жоспарласаң, тәртібін орнатсаң, тіптен керемет болады. Онда сенде нақты әрекет, ұдайы мотивация болады. Нәтижең де өседі.