Қазақша посттар
2022-08-03 17:30 Мотивация

Мамандығыңды сүй

Бір мамандықты таңдасаң, оны басынан аяғына дейін зерттеп шық. Себебі ол сенің өмірбақи жолдасыңа айналады. Әрине, мамандығыңды ауыстыруың мүмкін, бірақ үйренген білімің өшпейді. Қазіргі уақытта бір мамандықпен өмір өткізу деген азайды. Ол тек мұғалім, дәрігерлерде болуы мүмкін.


Басқа саланың өкілдері жұмысты жиі ауыстырады. Оларға мамандық емес, заманауи қабілетті игеру өте маңызды. Мысалы, тез коммуникация құру, эмоционалды интеллект, шет тілін меңгеру, ақпаратты талдай білу, стресске төзімділік, әртүрлі мәдениет өкілдерімен толерантты жұмыс істей білу, т.б.


Қазіргі уақытта бір мамандықты кемінде 4 жыл оқып шығасың. Ақыры 1460 күн немесе 35040 сағатыңды жұмсайды екенсің, онда оны жақсылап меңгеру керек. Оның мықты маманы атанып, өзіңді асырап, отбасыңды қамтамасыз етіп, қоғамға жақсы өнім не қызмет ұсынуың қажет.


4 жылды бітіре сала, басқа жұмыс істеп кету деген бір жағынан құндылықты дұрыс түсінбеуге жатады. Демек сен дұрыс білім алған жоқсың. Өзіңді жұмыс берушіге дұрыс сата алмадың. Мысалы, екі шет тілі мамандығын бітірдің. Киноның жаргондарын жаттағаныңа мәз болмай, өте сауатты сөйлеп, жазып, аударып тұрсаң, кез келген халықаралық компания сені жұмысқа алуға өзі-ақ тартылып тұрады.

Мамандығыңа ақша, уақыт, энергия жұмсасаң, оны жақсы көре бастайсың.

Мамандықтар туралы толық білгің келсе, JOO.kz мобильді қосымшасына кір. Мамандықтар бөліміне өт. Әр мамандықтың қысқаша ақпараты бар. Оған қоса шектік балы, грант саны жазылған. МЫНА сілтмемеге өт.