Қазақша посттар
2022-08-04 17:37 Пайдалы кеңестер

Эмоцияңды бақыла!

1. Біреуге қатты ашуланып, барлық ренішіңді сыртқа шығаруға дайын тұрған кезде ойша онға дейін сана. Бұл уақыт саған миыңды тыныштандырып, сабырмен шешім қабылдауға молынан жетеді.


2. Стрессті жағдайда біз көбінесе демімізді ішке тартып, ауа жинаймыз. Ал енді, керісінше, стресс деңгейін төмендету үшін біз бірнеше рет терең әрі асықпай тыныс алуымыз қажет. Бұл миға ағзаның бірқалыпты күйде екенін білдіріп, сигнал жіберетін болады.


3. Өзіңнен қандай сезімде тұрғаныңды сұра: ашу, ұнатпаушылық әлде реніш пе? Неге бұлай сезініп тұрғаныңның да себебін сұра. Дәл осылай өз-өзіңмен дауыстап сөйлесу саған сәл босаңсып, жеңілдеп алуға көмегін тигізетініне еш күмәнің болмасын.


4. Мимика мен дене қимылы арқылы эмоцияны бақылау оңайға түседі. Мысалы егер сенің көңіл-күйің болмай, жабырқап тұрсаң, ерніңді күлімдеп тұрған формаға келтіріп, бір-бір жарым минутқа дейін солай тұр. Аз уақыттан соң көңіл-күйің көтеріліп, мүлдем жабырқамайтын боласың. Ал егер өзіңді сенімсіз сезініп тұрсаң, алдымен арқаңды тіктеп, иегіңді жоғары қарай сәл көтер де, ерніңді бос ұстауға тырыс. Бұлай жасау өзіңе деген сенімділікті арттырып, негативті эмоциялармен күресуге көмектеседі.