Сіз өзгерсеңіз, жаныңызға ең жақын достарыңыз, бауырларыңызға әсер етеді. Олар да жақсы жаққа өзгере бастайды.
Мысалы, кітап оқуды әдетке айналдыру үшін күн сайын жиырма минут кітап оқып отырсаңыз, іні-қарындастарыңыз да бір-бір кітап құшақтап, жаныңызда отыруы мүмкін. Олар сізге еліктейді. Үлкеннің әрбір ісі дұрыс деп таниды.
Біреуді сынау, мінеу, өзгеруін қалау айтуға ғана оңай. Сол өзгерісті өзіңіз жасап көрсеңіз, өзгерудің оңай емес екенін, көп қажыр-қайрат қажет екенін ұғасыз. Бұдан кейін біреуді сыртынан сөз етуден аулақ боласыз.