Қазақша посттар
2022-08-03 18:01 Пайдалы кеңестер

Оқу жылы басталғанша мынаны істеп үлгер

Жаздың бітуіне санаулы күндер қалды. Жаңа оқу жылына әлі дайындалмаған болсаң, мына пост сен үшін.


1. Ең бастысы – ұйқы графигін түзе. Кеш жатып, кеш тұру дегенді қойып, таңертең ерте тұруға өзіңді бейімде. Қазірден түземесең, қыркүйек айында қиындықтар пайда болады.

2. Күн тәртібін ретте. Бұл затқа көбісі мән бере бермейді, бірақ мұның маңызы зор. Барлық іске үлгеріп, ертеңгі күнге қалдырылмайтындай етіп жоспарла.

3. Сабаққа керек-жарақтарды толығымен алып қой. Кеңсе тауарлары, киім-кешек, дәптерлер мен қосымша кітаптар.

4. Осы оқу жылына қойған мақсаттарыңның тізімін жаса. Жай ғана «жақсы оқу» емес, өз алдыңа одан да жоғары мақсат қойып, соған жетуге тырыс.

5. Өткен жылғы материалдарды қайталап шық. Қай сабақтан қандай ауқымды тақырыптар өтілді, қайсысы саған қиын болды, соларды шолып шық.

6. Осы оқу жылында жаңадан қандай пәндер енгізілетінін сұрастыр. Білгеннен кейін, сол пәннің не жайлы екенін, нені зерттейтінін және т.б. алдын-ала біліп ал.

7. Әдемі және түсінікті етіп презентация жасауды үйрен. Бұл қабілет болашақта әлі талай рет көмегін тигізеді, ал әзірше сабақта өз пайдаңа жаратып, үлгеріміңді жақсарт.

8. Жыл соңындағы ҰБТ-ны жақсы тапсырып, грантқа ілігу үшін қазірден дайындықты баста. Ол үшін біздің КУРСҚА жазылып, 5 пәннен бірақ дайындал. Ал бағасын 12 айға 8 300 теңгеден бөліп төлеуге болады!