Қазақша посттар
2022-08-04 14:18 Пайдалы кеңестер

Егде жастағылардан 5 өмірлік кеңес

1. Өмірдің әрбір сәтін бағалай біл.  Әйтпесе көзді ашып-жұмғанша 70-ке қалай келіп қалғаныңды да білмей қаласың. Сондықтан қартайғанда ештеңеге өкінбес үшін жастық шағыңды барынша қызықты және пайдалы өткізуге ұмтылып, бүгінмен және қазірмен өмір сүруге тырыс. 


2. Оқып, өзіңді дамытуды ешқашан тоқтатпа. Сен өзіңді дамытуды жалғастырған сайын миың да сенімен бірге дамып отырады. Есіңде болсын, тағы да бір жоғары білім алуға немесе қандай да бір курсқа қатысуға ешқашан да кеш емес. Бастысы, өзің соны қалап, құлшынысың болса болғаны. 


3. Ашуланып, босқа жүйкеңді жұқартпа. Одан мәселе шешіліп, жағдай реттеліп кетпейді. Керісінше, ашу мен уайым санаңды шырмап, дұрыс шешім қабылдауыңа кедергі келтіреді.


4. Интуицияңды тыңдай біл. Ол саған қандай да бір мәселе туындаса, шешімін табуға көмектеседі.


5. Көбі жастық шағында денсаулыққа мән беріп, уақытында ем алып, тексерілгісі келмейді. Ал соның зардабы қартайған кезде барып, алдынан шығады. Ол кезде өкінгеннен не пайда? Сондықтан бұндай жағдайды болдырмас үшін қазірден бастап денсаулығыңа күтім жасап, дұрыс тамақтанып, жиі-жиі спортпен айналысып тұруға тырыс. Сондай-ақ денсаулығыңда қандай да бір ақаулар болса, созып жүре бермей, уақытында дәрігерге көрініп, ем алғаның да дұрыс.