Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ұйқым қанбайды! 😤

1. Таңертең ұйқың қанбай, мең-зең болып тұрмас үшін кешке бір сағатқа ерте жатуды әдетке айналдыр. Күн сайын сағат 00:00-де ұйықтайтын болсаң, ендігіде сағат 23:00-де ұйқыға жатып үйрен. Осылай бір сағатқа ерте жатып үйреніп кетсең, таңертең еш қиындықсыз әрі ертерек ояна алатын боласың.


2. Дейл Карнеги өзінің «Как перестать беспокоиться» атты кітабында адамға көбірек демалу керектігін айтады. Сондықтан ең болмағанда 10 минутыңды қиып, тыныштық күйінде отыра тұр. Бұл сенің шаршағаныңды басып, негативті эмоциялардан арылуға көмектеседі.


3. Эмоционалды түрде шаршағаныңды басып, ойларыңды ретке келтіргің келсе, күн сайын медитация жаса. Медитация саған тыныштық сыйлап, ұйқыңды жақсартуға да әсер ете алады.


4. Серуенге шыққанда смартфоныңды үйге қалдырып кет. Әрине, бастапқы кезде бұл саған біртүрлі көрінуі мүмкін. Бірақ бірнеше рет байқап көргеннен кейін телефонсыз серуендегеннің әлдеқайда жақсы екеніне көзіңді жеткізесің. Сондай-ақ телефонсыз серуендегеннің тағы бір жақсы жағы: қайта-қайта телефонға алаңдап, біреу қоңырау шала ма деп уайымдамайсың. Және де стресстен арылып, өзіңді физикалық және эмоционалды түрде демалдыра аласың.


5. Кофеин мен қанттың мөлшерін үнемі бақылап, шектен тыс тұтынбауға тырыс. Себебі кофеин ұйқыны қашырып, ағзаны оятады. Ал қант ұйқының сапасына әсер етіп, организмге зиянын тигізеді. Сондықтан да, жақсы ұйықтап, ұйқың қанғанын қаласаң, дұрыс тамақтануды қолға алғаның жөн.

ҰБТ-ға дайындық кезінде ұйқы мен тамақтың арақатынасы өте маңызды. Ең жақсы сабақтың өзі дұрыс ұйқы болмаса, миға қонбайды. Денсаулықты құртып грант ұтудың қажеті шамалы. Бәрінің шегі, көлемі бар. Әрдайым орта жолды ұстансаң, өзіңді жоғалтпайсың.