Қазақша посттар
2022-08-04 14:01 Пайдалы кеңестер

Тарихтан максимум балл жинаудың құпиясы

Қызығы сол, өткеніміз қалай болғанын, қандай тұлғалар өскенін, кім не жасағанын білесің. Қиыны сол, адам аты, даталар, оқиғалар өте көп. ҰБТ-ға дайындалғанда тарихты қалай жеңілдетуге болады?


ИНТЕЛЛЕКТ КАРТА. Ақ парақтың ортасына ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ деп жазып, одан бұтақтар шығарып, әрқайсысына «Хандар»«Оқиғалар»«Жылдар» деп жазып, ары қарай таратсаң, көз алдыңда біртұтас сурет шығады. Ми ағаш секілді осындай суреттерді жақсы қабылдайды.


КАРТА. Үйге үлкен карта алып, соған Қазақ хандығының шекарасын сызып, оқиғалардың атын жазып, жылын қоса белгілесең, көзің үйреніп қалады. Мысалы, 1643 Орбұлақ.


СЕРИАЛ. Егер тарихты сериал ретінде қабылдасаң, еске түсіруге жеңіл тиеді. Қызықты сериалдағы кейіпкер аты, оқиғаларды ұмытпайтының анық. Сол секілді тарихты эпизодтарға бөліп, өз алдына бөлек сериал ретінде оқысаң, есте қалады.


ЕРЕКШЕЛЕУ. Конспект жазғанда маңызды даталарды, оқиғаларға себепкер тұлғаларды қанық бояумен бояған дұрыс. Іздеуге де жақсы. Бояу санада қалып қояды.


ДАТАЛАР. Даталарды жаттау қиынға соғары сөзсіз. Бірақ маңызды даталарды тірек етіп алсаң болады. Мысалы, 1930 жыл – ашаршылықтан бір жыл бұрын; 1848 - Абай туғаннан үш жылдан соң; Тағы бір жолы, сандарға күлкілі мән берсең, өмір бойы ұмытпайсың. Мысалы, 86 – желтоқсан, 45 – соғыс, 18 – қыз, 99 – Жамбыл, 41 – Гитлер, 19 – бірінші курс студенті. 1958 – 58 студент деген секілді.

Осы тәсілдердің барлығын біз өз курсымызда қолдандық! Тарихтың сабақтары кино сияқты өтеді. МЫНА сілтеме арқылы көре аласың. 

Курсқа қатысуға өтініш беру үшін МЫНА сілтемені бас.