Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Мектеп бітірген соң бір жыл демалыс

«Gap»‎ - үзіліс, «year»‎ - жыл, яғни бір жылдық үзіліс алу. Америкалық жасөспірімдер мектеп бітірген соң, университетке түсер алдында өз орнын табу үшін, мамандық таңдау үшін осындай үзіліс алады. Бір қызығы, Америкада оқу орнына түсіп тұрса да gap year алатындар көп.


Бірақ олар бір жыл бойына ештеңемен айналыспайды деген сөз емес. Әр адам бос уақытында не жасайтынын өзі таңдайды. Мысалы:

  • Өзге елге немесе өз елінде саяхаттау;
  • Өзіңе ұнайтын бағыт бойынша курстар өту (программирование, дизайн, қаржы, медицина, мақсаты – сенің не қалайтыныңды анықтау)
  • Стажировкадан өту, қазір де көп компаниялар тек университет емес, мектеп бітірушілерді стажировкаға алады, стажер тәжірибе жинайды;
  • Волонтерлік секілді еркін істермен айналысу;
  • ​​​​​​​Спортқа көңіл бөлу, мысалы сен айналыспаған әлі қанша спорт түрі бар: серфинг, дайвинг, альпинизм т.б.
  • ​​​​​​​Университетке оқуға тесттерге дайындалу.

Gap year мақсаты – болашақ студент университеттегі 4 жылын босқа өткізбей, адамның ішкі потенциалын ашу.

Өкінішке орай, Қазақстанда бала оқуға түспесе бітті, ұят, енді тек жұмыс істеу қалды. Алайда, осындай бос уақыт болуының өз пайдасы бар, мүмкін осы уақытты пайдаланып өз бизнесіңді ашып, оқудың қажет емес екенін түсінесің, әлде ұнаған саланы таңдап, университетте оқуға құлшының бұрынғыға қарағанда ашылады. Барлығы мүмкін.


Тек 1 жылымды босқа жоғалттым деп қапаланба, керісінше өзіңнің жолыңды табуға тамаша мүмкіндік ретінде қара.