«Gap» - үзіліс, «year» - жыл, яғни бір жылдық үзіліс алу. Америкалық жасөспірімдер мектеп бітірген соң, университетке түсер алдында өз орнын табу үшін, мамандық таңдау үшін осындай үзіліс алады. Бір қызығы, Америкада оқу орнына түсіп тұрса да gap year алатындар көп.
Бірақ олар бір жыл бойына ештеңемен айналыспайды деген сөз емес. Әр адам бос уақытында не жасайтынын өзі таңдайды. Мысалы:
Gap year мақсаты – болашақ студент университеттегі 4 жылын босқа өткізбей, адамның ішкі потенциалын ашу.
Өкінішке орай, Қазақстанда бала оқуға түспесе бітті, ұят, енді тек жұмыс істеу қалды. Алайда, осындай бос уақыт болуының өз пайдасы бар, мүмкін осы уақытты пайдаланып өз бизнесіңді ашып, оқудың қажет емес екенін түсінесің, әлде ұнаған саланы таңдап, университетте оқуға құлшының бұрынғыға қарағанда ашылады. Барлығы мүмкін.
Тек 1 жылымды босқа жоғалттым деп қапаланба, керісінше өзіңнің жолыңды табуға тамаша мүмкіндік ретінде қара.