Алдыңғы посттардың бірінде мақсатыңды ешкімге айтпа деген болатынбыз. Мысалы, сіздің мақсатыңыз программист болу. Ол өте алыста. Жеткенше жылдар өтеді. Алыстағы нәрсені ми түсінбейді, өлшей алмайды, көрмейді. Сондықтан мақсатқа жетуге ми сенетін нысаналар қою керек. Программист үшін нысаналар: IT мамандығына түсу; оған түсу үшін
ҰБТ-дан жоғары балл жинау; жоғары балл жинау үшін пәндерді жақсылап үйрену;
Бағдарлама жазу туралы курсқа қатысу; мықты ноутбук сатып алу;
IT компанияларда стажировкадан өту; т.б.
Осындай нысаналарға ми сенеді. Нысананың уақыты, көлемі, бюджеті бар. Негізі, бәрін тәптіштеп қағазға жазып шыққан жақсы. Сонда ойыңыздың айқын тұстары ғана түседі, бұлдыр ойлар жазылмай қалады. Мақсат сіздікі ме әлде басқа біреуге еліктеуден туған мақсат па, белгілі болады.
Әр нысанаға жеткен сайын сізде рахат сезімі туады. Нысанаңыз көп болсын, айқын болсын!