Қазақша посттар
2022-04-04 11:46

Бейіндік пәндерге шолу

Математика - Физика


Көпшіліктің сұранысымен математика-физика бағыты бойынша кейбір мәліметтермен бөлісуді жөн көрдік.



B054 Физика мамандығына өткен жылы 1132 грант бөлінген еді, бірақ 730 талапкер осы мамандыққа өтініш берген. Яғни, 402 грант бос қалған. 50 баллдан асқан талапкер осы мамандыққа тапсырғанда грант болар еді. Биыл, бұл мамандыққа 852 грант бөлініп отыр. Өтініш саны шамамен өткен жылғыдай болады десек, осы жылы да грантқа шекті балл 50-55 шамасында болады.



Бұл мамандықта ауыл квотасы жоқ. Және бұл мұғалімдік мамандық болмағанымен осы мамандықты бітірген мамандар білім саласында қызмет жасай алады.



Осы сияқты, қыз балаларға да ер балаларға да сәйкес келетін көптеген мамандық бар. Осы мамандықтарды оқыған мамандар елімізде тапшы болғандықтан жыл сайын көп грант бөлінеді. Яғни, сабағыңызды дұрыс оқып шықсаңыз, жұмыс дайын тұр деген сөз. Бірақ жыл сайын грант босқа қалып жатыр. 50 баллмен де грантқа түсуге болады.