240 минут, 120 тапсырма, 140 балл. Әр минутты дұрыс пайдалану, жоғары балл алудың тағы бір кепілдігі. Төменде біз уақытты дұрыс пайдалану үшін шағын кеңес қалдырдық:
Сен қандай пәндер комбинациясын таңдасаң да «Қазақстан тарихы» пәні міндетті түрде болады. Тестілеуді осы пәннен бастап көр. Себебі, оның ішінде сен жаттаған сұрақтар мен жылдар бірден есте тұрады.
Бірден еске түскен дұрыс жауаптарды белгілеу маңызды. Егер жауаптың дұрыстығына күмән келтірсең, қалдырып кейін қайта орал.
Келесі кезекте миға жеңіл жаттығу : «математикалық сауаттылық» пәні. Шығара алған есептерді тезірек белгілеп, шығару қиындық тудырса қалдырып, келесі пәнге өт.
Себебі, бір есеппен ұзақ отыру уақытыңды алады.
Жалғасы қызықты болса, төменге пікір қалдырып, таңдау пәндеріңді жаза кет.