Қазақша посттар
ҰБТ алдында ұйқының маңызы
Пайдалы кеңестер

ҰБТ алдында ұйқының маңызы

Уайымнан ұйқының қашатыны анық. Оған қоса, түнімен дайындалам деп, ұйқыны екінші орынға ысырып қоясың. Осылай жасау арқылы бәрінен бұрын бір жылдық дайындыққа зиян келтіресің.


Ұйқың келген уақытта бір мызғып ал. Ұйқы келмесе, онда оқу мен спортты алмакезек жаса.

Ұйқы келтірмеу үшін кофе, энергетикалық сусын ішпе.

Ерте жатып, ерте тұрсаң, ұтасың. Түнде миың ояу болса да, организм биологиялық сағатпен ұйықтай бастайды. Содан денең болбырап, ауыр қимылдайсың.


Ерте тұрсаң, таңғы уақыт берекелі өтеді. Ми тынық, ақпарат жақсы қабылданады. Түнгі екі сағаттың ақпаратын таңда жарты сағатта қабылдайсың.

Ұйқы келтіру үшін дәрі қабылдама. Ағзаның ритмін бұзасың. Айран ішіп, жылы душ қабылдап, қараңғы бөлмеде ұйықта. Ұйқы келмесе, аздап кітап оқы. Детектив болмасын.

Түскі уақытта сағат бірден кейін жиырма минут ұйықтап ал. Бұл мықты сергектік сыйлайды.

Күн шығарда және күн батарда ұйықтама. Мең-зең боп оянасың.