Ұзақ өмір сүруге адамның генетикасы тікелей әсер ететіні белгілі. Бірақ адамның өмір сапасын жақсартар басқа да себептер барын ұмытпаған жөн. Соның негізгісі – дұрыс тамақтану.
Түрлі-түсті тағам жеу.
Жемістердің түрлі-түсті болуының өзіндік ғибадаты бар. Бұл – оның түрлі дәрумен мен құнды заттарға бойы толы екенін көрсететін белгі.
80/20 ережесі.
Ұзақ өмір сүрудің кілті – тұрақтылық пен үйлесім. Яғни, тамақ рационыңның 80 пайызын құнарлы, пайдалы тағамдармен толтырып, ағзаны нәрлі азықпен қоректендір. Ал қалған 20 пайызын қалағаныңша ішіп-же. Тәтті-пәтті, нан өнімдерін жесең болады.
Тойып жеме.
Тағамды орнымен жеген жөн. Көп тоюға, артық ішіп-жеуге тырыспа. Бұл ағзаға ауырлық түсіреді. Семіздік диабет пен қатерлі ісік сынды ауыр дертке әкеп соғады. Қарын ашқанда ғана ас ішіп, тоқтыққа қанағат еткен жөн.