Бүгінде мамандықты екі тарап таңдайды. Бірі өзің, екіншісі ата-анаң. Ал осы екі таңдаудың ортасында тұрған кезде не істеу керек?
Мойындау керек, мамандық таңдау қорқынышты нәрсе. Дұрыс таңдадым ба, әлде қателестім бе, болашақта жағдайым не болады деп ойлағанда басың қатады. 4 жыл бекер оқу мен 4 жылда білікті маман болудың айырмашылығы жер мен көктей.
Мына жағдайда ата-ананы тыңдаңыз:
Өзіңіз не мамандықты ұнататыныңызды білмесеңіз;
Белгілі бір мамандық (мәселен, дәрігер, заңгер, қаржыгер, педагог) сіздің отбасыңызда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, әлі күнге дейін жібін үзбей келе жатса;
Сол мамандықты оқып бітірген соң, сізге жоғары жалақы мен көңіліңізден шығатын жұмыс дайын тұрса;
Бұл шарттар қызықтырса, бұл шешімге келісім беріңіз.
Мына жағдайда мамандықты өзіңіз таңдаңыз:
Мамандық деген тек 4 жыл оқитын нәрсе емес, оны өмір бақи оқисыз;
Сол мамандықтан тапқан ақшамен өзіңізді, отбасыңызды асырайсыз;
Қиналмай әрі рахаттана жасайтындай сезім болу керек;
30 жылдық жұмыстан кейін де шаршау сезімі болмау керек;
Жұмыстан физикалық тұрғыда шаршағанда, іштей демалып, риза болып атқаратындай болу керек;
Үйдегілер осы мамандықты таңдауымды қалап отыр деп бір жақты шешіммен мамандық таңдау - қателік. Өз пікіріңді еркін айта білуің керек. Ата-ана сізге тек бағыт беруші. Ал жолдың қалған бөлігін жүріп өту сіздің мойныңыздағы жүк.
Достарыңызды шақыруды ұмытпаңыз. Білім бөліскен сайын көбейеді. Сәлеммен joo.kz ұжымы.