Сіздің бір қабілетіңіз ерекше болса, сізді жақсы қызметке тағайындауға бейім тұрады. Түріңіз әдемі болуы мүмкін, керемет әнші шығарсыз, әдемі киініп жүретін боларсыз. Соған таңғалған жұмыс беруші сіз лайықты емес қызметке отырғыза салуы мүмкін. Осыны гало эффекті деп атайды.
Мысалы, сіз керемет программистсіз. Бәрі мойындайды. Соны көріп, директор сізді жоба жетекшісі қылады. Ал сіздің жақсы басқару қолыңыздан келмейді. Нәтижесінде, компания жақсы программистен айрылып, нашар жетекшіге ие болады.
Зерттеу бойынша, түрі келісті адамдарға жақсы жауапкершілік, қызмет жүктейді екен. Екі кандидаттың келбеттісін жұмысқа алады.
Қорытынды: өзіңізге жақсы қараңыз. Бірден қартаймауға тырысып, күтініп, қолыңыздан келетін істі ең әдемі деңгейде жасауға тырысыңыз. Мүмкін сізге жоғары лауазымды қызмет ұсынып қалуы мүмкін. Сонда соған лайықты қабілеттерді қазірден бойға сіңіріңіз.
Өзіңіз бұл эффектке ұрынып қалмас үшін, біреуге жауапкершілік тапсырмас бұрын жақсылап тексеріп алыңыз. Сыртқы сұлулық алдамшы болуы мүмкін.