Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Көп қателес

1. Тәжірибе

Барлық адам қателеседі, ешкім де мінсіз емес. Қайта қателік жасаған сайын сенің өмірлік тәжіриебең көбейіп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата бастайтын боласың. Басыңа қиындық түсіп, қателеспейінше, сен өмірдің шын дәмін сезініп, жетістікке қол жеткізе алмайсың. Сондықтан ағаттық жасап, қателесуден ешқашанда қорықпа.


2. Даму

Қателік - өз-өзіңді дамытуға көмектесетін ең керемет құрал. Қателік жасамай, ешқандай даму болмайды. Ұлы ғалымдардың өздері сан рет қателесіп барып, өз жаңалықтарын ашқан. Сондықтан қателік жасаудан қашпай, керісінше, өзіңді дамытып, тәжіриебе жинауға ұмтыл.


3. Мықты тұлға

Тарихта аты қалған Стив Джобс, Генри Форд және Марк Цукерберг секілді ұлы адамдардың барлығы мың рет қателесіп барып, жетістікке жеткен. Кейбіреулерінің балалық шағы ауыр өтсе, кейбіреулері сан рет банкротқа ұшырап, сан рет бәрін басынан бастаған. Олардың жасаған қателіктері өздерінің мінездерін қатайтып, жетістікке жеткізді. Стэнфорд университетінің алдында сөйлеген сөзінде Стив Джобс: "Бұрын жасаған әрбір қателігім маған мақсатыма жетуге көмектесіп, жаңа бір нәрсе ойлап табуға итермеледі. Егер мен осыншама көп қателік жасамағанымда, мен бұндай белестерді бағындырып, жетістікке жетпес те едім" - деген екен.