Қазақша посттар
2022-04-13 16:16

Басқадан кем болмас үшін...

Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек деген екен қазақтың ұлы ақындарының бірі, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы.





Ахмет ағамыз - өз заманының білімді зиялыларының бірі. Ендеше, қазақ жастары да осындай ағаларымыздың ізін жалғастырушы.





Көптеген дамыған елдерде білімге баса назар аударады. Ол әрқашан бірінші орында тұрады. Алаш зиялылары осыны алдын-ала біліп, тәуелсіз ел болуды мақсат етті. Надандықтың түбінен шығуды армандап, сол жолда қаза болды.





Қазақ елі көк туын қолына алып, бейбіт ел болу арманына жетті. Бұның барлығы кешегі Желтоқсан қаһармандарының, Алаштың асыл зиялыларының табанды еңбектерінің жемісі.



Қазақ деген ел қиын күндерден әупірімдеп аман қалған. Ендігі болашағы, қуаты оның қайратты, жалынды, батыр жастарында.





Қадірлі түлектер, қылышынан қан тамған қаһарлы қыстың ызғарында, тәуелсіздік үшін үсіп-тоңған аға-апаларыңызды ешқашан ұмытпаңыздар! Осы күнге жеткеніміздің өзі бізге үлкен бақыт!