Табысты болу үшін, күндіз-түні жұмыстан бас алмай еңбектенудің қажет жоқ. Тек ақылмен еңбектене білсеңіз болғаны. Табысты адамдар бұл қағиданы білгендіктен, өмірінің әр минутының жемісін көруге тырысады. Fortune 500 тізіміндегі компания басшылары мен топ-менеджерлерінің мінез-құлқын зерттеген Бредберидің пікірінше, табысты адамдардың табысқа бастайтын әдеттерін бойға сіңіру соншалықты қиын іс емес.
Егер қандай да бір хатты оқу не әлдекімге қоңырау шалу немесе кішігірім қиындықтың шешімін табу қажет болса, сол мезетте-ақ атқарғаныңыз жөн. Табысты адамдар ешқашан істі кейінге қалдырмайды.
Ертеңгі күнге бүгін дайындалыңыз. Табысты адамдар ертесі күні атқарылуы тиіс істердің жоспарын бір күн ілгері құрып отырады. Бұл әдеттің екі пайдасы бар: бүгінгі күніңізді ой елегінен өткізіп, өзіңізге есеп бересіз әрі ертеңіңіздің де табысты боларын білесіз.
Ағылшын тілінде to eat frogs деген тіркес бар. Яғни бұл дегеніміз жағымсыз жұмысты бірінші кезекте атқарып, мұнан кейін ғана көңіліңізге ұнамды, шабыттандыратын істі бастауды білдіреді.Сондықтан ең күрделі, жаныңызға жат істі бірінші ретте қолға алыңыз.
Әдетте шұғыл атқарылуы тиіс міндеттер аса маңызды істердің жүзеге асуын тежеп, кедергі жасайды. Табысты адамдар мұндай кедергілердің шешімін лезде табуға не шетке ысыруға тырысады.
Жоқ табысты адамдардың сөздік қолданысында жиі ұшырасатын маңызды сөз. Көптеген адам Нақты білмеймін немесе Мен білмеймін деген тіркестерді аталған Жоқ сөзімен жиі алмастырады. Егер өзіңізге сенімсіз болып тұрсаңыз, бірден бас тартқаныңыз жөн.
Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бір уақытта бірнеше мәселені шешу ерекше болғанымен, тиімсіз әдіс. Аз уақытта көп іс тындыруға ұмтылатын жандар осы әдіске жүгінеді. Ал шын мәнісінде қолға бірнеше істі алып, бітіргені шамалы ғана екені белгілі болады. Сол себепті бірнеше істі бір уақытта мойныңызға алмауға тырысыңыз.
Табысты адамдар өзінен басқа да ақылды, дарынды адамдар бар екендігін мойындай біледі. Сондықтан өзгелерге қалтқысыз сенуге үйреніп, өз ісін табыстай алады.
Ал сіз өзіңіз үлгі тұтатын қандай табысты адамдарды айта аласыз?