2021 жылы 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды.
Тестілеу қорытындысы бойынша 88 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ын құрайды. Тестіленушілердің 57 187-сі немесе 39,4%-ы шекті балл ала алмады. Өткен жылы 36,1%-ы шекті балл жинай алмаған еді.
Ең жоғары балды (140 балл) Павлодар қаласының талапкері жинады. 1923 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Тестілеуді 109 693 немесе 75,5% түлек қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3% орыс тілінде тапсырды. ҰБТ орташа балы 69,08 баллды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 5 балға жоғары.
Орташа баллға қарап шешім шығару қате
Көбісі жасайтын қателіктердің бірі: жалпы ҰБТ тапсырғандардың орташа балы өткен жылға қарағанда шамамен 5 баллға жоғарыласа, демек бір мамандыққа мысалы жалпы медицинаға да 5 балл жоғарылайды деп ойлап қалады.
2019 бен 2020 жылы ҰБТ тапсырғандардың жалпы орташа балы шамалас 64 балл болды.
Бірақ 2019 жылы жалпы медицинаға шекті балл - 125, ал 2020 жылы - 103 балл болды.
Осы мысалға ғана қарап жалпы орташа балл арқылы болжам жасау қате екенін түсінуге болады. Бұл мысалда орташа баллға емес медианаға көбірек мән беру керек.