Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Адамның рюкзагында не болу қажет?

Адам бір жолаушы. Бұл дүниеге келеміз, сапарлаймыз, кетеміз. Әр жолаушының қолжүгін салатын сөмкесі, рюкзагы болады. Бұл рюкзакпен кез келген жерге бара беруге болады. Ал оның ішінде не болу керек? Әрине, адамға ең қажетті, ең қымбатты зат болады. Олар: ақыл, дене, денсаулық, қабілет және білім. Осы бесеуі болған жерде адам жолда қалмайды.


Ақыл – адамзатқа берілген ең қымбат зат. Ақылдың көмегімен ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, надандық пен сауаттылықты ажыратамыз. Ақыл болмаған жерде маймылдың кейпіне түсесің.


Дене – он екі мүше адамға берілген аманат. Оның саулығына әрдайым жауаптымыз. Оны пайдасыз аспен, сусынмен, әдетпен бұзу аманатқа қиянатпен тең. Дененің саулығы үшін әрдайым спортпен айналысу, күтіну, салауатты өмір салтын ұстану қажет.


Денсаулық – әлемде теңдесі жоқ байлық. Қаншама байлар бар, дүниесі көкке жетіп тұрса да, денсаулығы быламық деген тамақтан басқаны жеуге жарамайды. Жартылай фабрикат өнімдерін, құрамында жасанды қоспалары көп тағамдарды, химикаты көп өнімдерді, майлы, тұзды тағамдарды жеу денсаулықтың бұзылуына алып келеді.


Қабілет – адаммен бірге қалыптасатын қымбат нәрсе. Бір істің маманы болу үшін 10000 сағат уақыт айналысу керек дейтін тұжырым бар. Шаш сәндеу, тамақ пісіру, компьютердің тілін білу, эксел файлмен жұмыс істеудің өзі өзекті қабілеттердің бірі. Қабілетің көп болған сайын нарықты қымбат бағаланасың.


Білім – адамды адам етіп тұрған нәрсе. Білімнің арқасында қараңғылықтан жарыққа шығамыз. Медицинаны жетілдіріп, оқудың сапасын арттырамыз.

Ал сенің рюкзагыңда осылардың қайсысы жиналып жатыр? Әсіресе, мектептің жоғары сынып оқушылары үшін білім өте маңызды. Ал білімді ең жетілдірілген әдіспен алғың келсе, JOO.kz курсына қатыс. Курс туралы толық ақпарат МЫНА сілтемеде.