Шабыт келгенде, көңіл-күйің көтеріледі. Қосымша орасан энергия пайда болады. Аяқ астынан күшің көбейіп, тау қопарып жіберердей сезінесің. Сол сәтте арманың есіңе түссе, бірден орындауға кірісесің. Дәл осылай күн сайын шабыттанып жүруді қалайсың ба?
Онда JOO.kz мобильді қосымшасының басты бетіне өт. Бұл жерде түрлі айдармен күніне бірнеше пост жарияланады. Біреуі жалпы өмірді сүюге мотивация берсе, екіншісі ҰБТ-ға дайындалуға шабыт береді. Бірі өмірден алынған оқиғаларды баяндаса, енді бірі өмір сүруді жеңілдететін кеңестерді айтады.
Әр адам – қайталанбас тұлға. Біз жазған жазбалар бәріне бірдей әсер етпейді. Бірақ күндердің күнінде бір жағдайға тап болғанда, біз жазған жазбалар есіне сап етіп түседі. Түпсанаға кеткен ақпарлар қажетті уақытта су бетіне қалқып шыққан балдырдай шығады.
«Сабақ оқуға түк шабыт жоқ» дейтін оқушыларға JOO.kz мобильді қосымшасы туралы айтып бер. Жақсылық бөліскен сайын көбейеді.