Ол кім десең, "Трансерфинг Реальности" кітабы әлемнің 15 тіліне аударылған, мықты автор, жазушы.
1. Үнемі біреумен ренжісіп, ұрсысып, жүру - өміріңді босқа жіберіп, уақытыңды зая кетіргенмен бірдей.
2. Өзіңмен өзің болу дегеніміз - өзіңді барлық кемшіліктеріңмен және қателіктеріңмен қабылдай білу.
3. Өміріңді кино деп елестет. Оның ішінде режиссер де, актер де, сценарий жазушы да өзіңсің. Ал енді айналаңдағы адамдардың киноларындай емес, өзің қалағандай, өзіңе ұнайтындай кино түсіріп көр.
4. Егер сен "өзің түсірген киноны" өз басыңда қайта-қайта айналдырып, мақсатыңа қарай жақындай беретін болсаң, ерте ме, кеш пе арманыңды орындап, қалағаныңа жететін боласың. Ал қалағанына жетіп, арманын орындау тек өз өмірін басқара алатын адамдардың ғана қолынан келеді.
5. Ешқашан, ешқандай жаста "менің өмірім жаман" деп айтпа. Одан да, өміріңді өзің қалағандай өткізуге тырысып, жаңа мүмкіндіктер ізде. Ең бастысы, өмір сүруден күдеріңді үзбесең, жалықпасаң болғаны.