Қазақша посттар
2022-08-03 17:31 Пайдалы кеңестер

Ешнәрсеге алаңдамай, концентрацияны жоғалтып алмауға 5 кеңес

1. Қолыңа кітап немесе журнал алып, бірінші беттегі сөздерді санап шық. Сосын қайтадан сана. Күрделірек ету үшін 2 немесе 3 бетті санап шығуыңа да болады. Сөздерді санаған кезде қолыңмен нұсқамай, тек көзіңмен ғана шолып санап шығу қажет екенін есіңнен шығарма.


2. Үлкен бір санды алып, оны кейін қарай кеміте отырып, сана. Мысалы: 7654, 7653, 7652..., деп солай кете береді. Егер бұл іш пыстырарлық болса, бір сан емес, үш немесе төрт сан алып санасаң да болады.


3. Өзіңе құлшыныс беретін бір сөзді таңдап, соны 5 минут бойы ойша қайталап отыруға

тырыс. Тек сол сөзді ғана ойлап, басқа ештеңеге алаңдама. Бұлай жасау арқылы сен әрі медитациямен айналысасың, әрі концентрацияңды қоса дамытасың.


4. 5 минут бойы ештеңе де ойламауға тырыс. Бұл әдістің медитациядан ерекшелігі: саған міндетті түрде қандай да бір күйге еніп, орындықта отыру қажет емес. Сондықтан сен бұл әдісті автобуста немесе кезекте тұрғанда да орындай аласың. Әрине, алғашқы минуттарда ештеңе ойламау қиын болуы мүмкін, бірақ үнемі практика жасаудың арқасында сенің концентрацияң артып, стресс деңгейің төмендей түсетін болады.


5. Қандай да бір жемісті қолыңа алып, оны барлық қырынан зерттеп, назарыңды тек сол жеміске ғана бағытта. Ол жемісті қайдан, қанша теңгеге сатып алғаныңды ойлама, тек жемістің сыртқы көрінісіне ғана үңілуге тырыс. Жемістің формасы, иісі және дәмі қандай, осылар жайлы ғана ойланып, көз алдыңа елестетуге тырыс. Бұл жаттығу ештеңеге алаңдамай, бір істі мұқият орындауға баулып, концентрацияны арттыруға көмектеседі.