Қазақша посттар
2022-08-04 17:38 Пайдалы кеңестер

Жалқаулықтан арылуды қаласаң

1. Егер жан-жағыңа мейірімді болғың келсе, еріктілер ұйымына қосыл. Ал жомарт болуды қаласаң, мұқтаж адамдарға қол ұшыңды созып, көмектес. Дәл осындай қалыппен, алдымен іс-әрекетіңді өзгертетін болсаң, кейін ойлау жүйеңді өзгерту миға еш қиындық тудырмайтын болады.


2. Жалқаулықтан арылуды қаласаң, бір топ адамдарды жинап, прокрастинация жайлы сөз қозғап, басқаларға оның зияны туралы әңгіме өрбіт. Өзің жалқау бола тұра, басқаларды жалқаулықтан арылта алмайсың, сол себепті де, сен осындай қадамға бару арқылы өзіңді және өзгелерді жалқаулық секілді басқа да жаман әдеттерден арылтуға өз үлесіңді қоса аласың.


3. Мысалы: сен қанша қаласаң да, өзіңді күн сайын жүгіруге мәжбүрлей алмай жүрсің. Не мотивация болмай қалады, не тағы бірнәрсе шығып қалады. Бұндай жағдайды болдырмас үшін екі істі бір-бірімен байланыстырып қоюға болады. Ол қалай? Мәселен, сен күнде аяқ-киіміңді киіп, ауыстырасың. Ал енді сен таңертең ұйқыңнан тұрып, сол аяқ-киіміңнің орнына кроссовкі киетін болсаң, бұны миың "далаға шығып, жүгіру керек" деген сигнал ретінде қабылдайды. Бұл - магнитті іс-әрекет деп аталады, яғни бір істі жасау арқылы(кроссовкіні кию) екінші істі жасауға(жүгіруге шығу) өзіңді итермелеу.


4. Бір нәрсені әдетке айналдыру үшін 21 күн қажет екенін білеміз. Мысал келтірсек: егер сен денсаулығыңды ретке келтіру үшін 5 рет фитнес залға барып тастасаң, санаң біртіндеп саған спорттың пайдалы және қызықты екеніне сене бастайтын болады. Осылайша сенің бойыңда жаңа әдеттер пайда болып, негіздері қаланбақ.